Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары да лайықты марапатқа ие болды.
Осы шарада Күйкен жалпы білім беретін мектебінің10-сынып оқушысы Жамбылқызы Жансұлу облыс әкімінің арнайы грамотасымен марапатталды.
Жансұлу — Астана қаласында өткен Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ орын иегері атанған болатын.
Дарынды шәкіртімізді және оны білімге жетелеген ұстазын , ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктерің арта берсін.

