Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіз! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.
Кіру
AA+
"№7 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы Білім басқармасының "№7 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Құрметті Асия Аккалиевна! 

Сізді 2 қазан – Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Психология және тілдік пәндер бірлестігінің төрайымы ретінде Сіз ұжымды ортақ мақсатқа жұмылдырып, оқу үдерісін жетілдіруге зор еңбек сіңіріп келесіз. Сіздің кәсібилігіңіз, ұйымдастырушылық қабілетіңіз бен жауапкершілігіңіз әріптестерге шабыт беріп, студенттерге сапалы білім мен тәлім алуға жол ашып отыр.

Ұстаздық жолда Сіздің шәкірттеріңізге сіңірген еңбегіңіз олардың жетістіктерінен айқын көрінуде. Жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, ұжым ішінде татулық пен ынтымақты арттырудағы еңбегіңіз айрықша бағаланады.

Осы мерейлі күні Сізге мықты денсаулық, толассыз табыс, отбасылық амандық және сарқылмас жігер тілейміз! Еңбегіңіз әрқашан шәкірттер жетістігі арқылы биік бағалана берсін.

Ізгі тілекпен,DIGITAL COLLEGE